jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Бұл - тарихи жетістік": Тоқаев еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқанды құттықтады

    Ризабек Айтмұқан
    Ризабек Айтмұқан. Видеодан кадр: nstagram.com/kazwrestling_official

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқанды құттықтады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    "Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын!

    Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін", – дейді президент.

    Айта кетейік, Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан финалда әзербайжандық балуан Осман Нурмагомедовті 4:2 есебімен жеңіп, 92 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды.

    Осылайша, ол еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанып отыр.

    "Бұл - тарихи жетістік": Тоқаев еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқанды құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.