Күні кеше Белградта күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова енді басқа салмаққа ауысады. Бұл туралы спортшының бапкері мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Нұрсұлтан Теміров әлем чемпионатында өткен жекпе-жектен кейін өз әсері мен болашаққа деген жоспары туралы айтты. Бапкердің сөзінше, кеше Бақбергенованың 72 салмақ дәрежесіндегі соңғы жекпе-жегі болды. Ол енді олимпиаалық салмаққа ауыспақ.
"Біз міне Азия ойындарына келесі жарысқа дайындаламыз. Ол жақта олимпиадалық категорияда бағымызды сынаймыз. Біз үшін ол 76 салмақ дәрежесіндегі бірінші жарыс болып есептеледі. Қазақтың көк туын желбіретуге бар күш-жігерімізді саламыз. Айта кетерім, осы жарыстан кейін біз 72 келі дәрежесінде өнер көрсетпейміз. Жәмилә енді 76 олимпиадалық салмаққа ауысады. Олимпиаданвң лицензиясын алып, Париж олимпиадасында қазақ елінің туын көтеруге дайындаламыз", - деді Теміров Индира Бектеноваға берген сұхбатында.
Айта кетейік, кеше отандық балуан Жәмилә Бақбергенова Сербияда өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2037691-alem-cempionatynan-qola-algan-zamila-baqbergenova-endi-basqa-salmaqqa-auyspaq/