Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Опубликовано:

Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Жәмила Бақбергенова: olympic.kz

Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бақбергенова қола үшін жекпе-жекте польшалық Наталья Ивона Стшалкамен кездесіп, оны 4-1 есебімен жеңді.

Отандасымыз 72 келі салмақта чемпионатты 1/8 айналымнан бастап, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Фанни Нагиды (Сербия), кейін ресейлік Ксения Буракованы жеңіп кетті (7-1).

Алайда жартылай финалда моңғолиялық Дааванасан Енкх Амарға ұтылып қалды. Жекпе-жек 2:6 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, бұл 27 жастағы қазақстандық спортшының дүниежүзі бәсекесіндегі қатарынан үшінші жүлдесі. Ол 2019 жылы Ослода, былтыр Белградта күміс жүлдеге ие болған. Жәмилә – мұндай нәтижеге қол жеткізген әйелдер арасындағы тұңғыш қазақ палуаны.

Туризм және спорт министрлігі спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Бақбергенова чемпионаттан кейін ұлттық құрамамен елге оралып, Қытайда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына дайындықты бастайды.

Ханчжоу қаласында ол Олимпиада бағдарламасына кіретін 76 кг салмақта бақ сынап, тәжірибелі Эльмира Сыздықованың орнын жоқтатпауға тырысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2037622-zamila-baqbergenova-alem-cempionatynyn-qola-zuldegeri-atandy/

pixel