Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен олимпиада жолдамасына ие болды

Опубликовано:

Нұрсұлтан Тұрсынов жарыс кезінде
Нұрсұлтан Тұрсынов жарыс кезінде Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Сербия астанасы Белград қаласында өткен әлем чемпионатында грек-рим күресінен олимпиада жолдамасына ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Соңғы жарыс күні бозкілемге шыққан грек-рим күресінің шебері Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) әзірбайжандық палуан Ислам Аббасовты мерзімінен бұрын жығып, Париж Олимпиадасының жолдамасын алды.

Отандасымыз қола медаль үшін күресте 2 дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының жеңімпазы Жан Беленюкке (Украина) 2-7 есебімен жол берді.

"Осы әлем чемпионатында үздік үштікке кірем деген жоспар болып еді. Өкінішке қарай, сәл жетпей қалды. Білмедім. Кішкене бағым жанбай қалды ма?..

Чемпионатқа толық бабымда келдім деп айта алмаймын. Осал жерлерім болды. Әлі тыңғылықты жаттығып, дайындалу керегін осында түсіндім. Беленюкпен болған белдесуде партерде әдіс жасауға мүмкіндік беріп қойдым. Қазір осал жерім сол болып тұр. Жасыратыны жоқ, біздің командада ондай әдісті ешкім жасамайды", - деп пікір білдірді Алмат спортты дамыту дирекциясының Баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Нұрсұлтан кеше алғашқы айқасында Мирко Мингуцциды (Италия), Парк Санхёкты (Оңүстік Корея), ал ширек финалда 3 дүркін Азия чемпионы Насыр Ализадені (Иран) жеңген. Алайда аса тартысты жартылай финалда былтырғы қолаcын биыл алтынға айырбастаған Әли Дженгизге (Түркия) есе жіберді.

Еске сала кетейік, 32 жастағы Нұрсұлтан Тұрсынов Токио Олимпиадасына 2021 жылы Азия құрлығындағы іріктеу турнирінде жолдама алып, барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2037957-nursultan-tursynov-grek-rim-kuresinen-olimpiada-zoldamasyna-ie-boldy/

pixel