jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Самбодан Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында жүлделі орын алды

    Самбодан Қазақстан жастар құрамасы
    Самбодан Қазақстан жастар құрамасы Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Қырғызстан астанасы Бішкекте жастар арасында самбодан əлем чемпионаты мəресіне жетті. Командалық есеп бойынша Қазақстан құрамасы спорттық додада екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

    Үш күнге созылған бəсекеде 28 елдің балуандары жауынгерлік және спорттық самбодан 37 салмақтың үздіктерін анықтады.

    Қазақстан құрамасы 4 алтын, 6 күміс жəне 12 қола жүлдеге қол жеткізіп, жалпы есепте 2-орын алды. Мұнда халықаралық самбо федерациясының командасы (Ресей самбошылары) топ жарса, үздік үштікті Өзбекстан спортшылары түйіндеді.

    Айта кетейік, бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындары да аяқталды. Құрлықтық додада 500-ден астам қазақстандық спортшы бақ сынап, ел қоржынына 80 жүлде түсірді. 10 алтын, 22 күміс пен 48 қола.

    Самбодан Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында жүлделі орын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.