Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзін көрсетуі керек": Ризабек Айтмұхан олимпиадалық салмаққа ауысты

Опубликовано:

Еркін күрестен Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан
Еркін күрестен Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан. Фото: olympic.kz

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның олимпиадалық салмақ саналатын 97 келіге ауысқанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл еркін күрес шеберлері Азия чемпионаты, әлем біріншілігі мен Азия ойындары сынды ірі бәсекелерде бақ сынады.

"Әлем чемпионатынан бір алтын, бір қоламен оралдық. Ризабек Айтмұханның араға жылдар салып, тарихты жаңартқанын білесіздер. Азамат Дәулетбеков қола медальмен бірге, Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алды. Бізге әлі де жолдама керек. Жылдың соңғы жаттығу жиынын балуандар тауда өткізеді. 18 күн бойы тауда жаттығамыз. Жаңа жылда жаңа жарыстар күтіп тұр", – деді бас бапкер Мадияр Құрамысов. 

Құрамысовтың айтуынша, алдағы маусым өте жауапты болмақ. Еркін күрестен Қазақстан командасы сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкекте өтетін Азия аймақтық лицензиялық турнирінде тағы да екі жолдама жеңіп алуды мақсат етіп отыр.

"Біздің балуандар үшін 57 және 65 келіде лицензия алу қиын болмақ. Себебі, бұл салмақтағы бәсекелестік әлем бойынша өте жоғары. Аталған турнирге үлкен дайындықпен баруды жоспарлап отырмыз. Одан бөлек, рейтингілік турнирлер мен Қазақстан чемпионаты да бар", – деді Құрамысов. 

Қаңтар айында Астанада өтетін Қазақстан біріншілігінде лицензиялық турнирге қатысатын балуандардың тізімі анықталады. 

"Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан олимпиадалық салмақ саналатын 97 келіге ауысты. Қазіргі таңда Азамат Дәулетбековпен бірге Осетияда жаттығып жатыр. Бұл салмақта Әлішер Ерғали сынды балуанымыз барын да білесіздер. Кім мықты екені ұлттық чемпионатта шешіледі. Сол бәсекеде кім жеңсе, лицензияға сол таласады", – деді бас бапкер. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2047964-ozin-korsetui-kerek-rizabek-aitmuxan-olimpiadalyq-salmaqqa-auysty/

pixel