jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    НА
    Назерке Абибулла
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда дзюдодан Олимпиада және әлем чемпионатының жұлдыздары бас қосады

    Дзюдошы Гурам Тушишвили
    Дзюдошы Гурам Тушишвили. Фото: David Damnjanovic/DeFodi Images via Getty Images

    Алматыда 21 желтоқсан күні тұңғыш рет дзюдодан ерлер арасындағы халықаралық командалық "Jenys Cup" турнирі өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Jenys" спорт клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Командалық турнир ерлер арасында 66 келі, 73 келі, 81 келі, -90 келі, +90 келі салмақ дәрежелерінде өтеді. Бүгінде жарысқа Қазақстан, Түркия, Франция, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия, Испания елдерінен 17 клуб тіркелген. Жарыс ережесі бойынша әр салмақ дәрежесінде командалар бір-бірімен айналмалы жүйе бойынша кездеседі.

    Қатысушылардың қатарында Олимпиада жүлдегерлері Гурам Тушишвили (Грузия), әлем және Азия чемпиондары Лука Майсурадзе (Грузия), Шалва Гурешидзе (Грузия), Сомон Махмадбеков (Тәжікстан), Басху Йондонпэрэнлэйн (Моңғолия) және әлемдік Grand Slam, халықаралық дәрежедегі турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Одхюгийн Цэцэнцэнцэнгэль (Моңғолия), Якуб Шамилов (Ресей), Айбек Серікбаев (Қазақстан), Шахрам Ахадов (Өзбекстан), Кубанычбек Айбекуулу (Қырғызстан), Ходжазода Бехруз (Тәжікстан), Карамат Гусейнов (Әзірбайжан) бар.

    "Jenys Cup" турнирінің жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайды:

    • 1 орын – 30 мың АҚШ доллары;
    • 2 орын – 20 мың АҚШ доллары;
    • екі 3 орын әрқайсысы 10 мың АҚШ долларын сыйақы алады.

    Сонымен қатар жарыс барысында үздік дзюдошы, үздік командалық спортшы анықталып, арнайы қаржылай сыйлықтар табысталады.

    "Jenys" спорт клубы ұйымдастырып жатқан турнир 21 желтоқсан күні сағат 9:00-де басталады. Жарысқа кіру тегін. Тікелей көрсетілім "Qazsport" телеарнасында ұйымдастырылады. Байрақты бәсекеге

    Алматыда дзюдодан Олимпиада және әлем чемпионатының жұлдыздары бас қосады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.