Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық балуандар Францияда өткен жарыста жүлделі орын иеленді

Опубликовано:

Қазақстандық балуан жеңіс тұғырында
Қазақстандық балуан жеңіс тұғырында. Фото: instagram.com/kazwrestling_official

Ницца қаласында өткен Анри Деглан гран-при турнирінде қазақстандық балуандар 1 күміс, 2 қола жүлде иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан күрес федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның еркін күрес шеберлері Анри Деглан гран-приінде бақ сынады. Олардың қатарынан Әбдіманап Байгенжеев (92 келі) күміс алса, Рифат Сайботалов (70 келі) пен Ерхан Бексұлтанов (79 келі) қола жүлдегер атанды.

Бұл жарысқа грек-рим және әйелдер күресінен Қазақстан спортшылары қатыспады.

Анри Деглан — 1924 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиадада грек-рим күресінен чемпион атанған спортшы. Жыл сайын оның құрметіне халықаралық турнир ұйымдастырылады. Биыл Анри Деглан гран-приі 19-21 қаңтар аралығында өтті. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 300-ден аса балуан қатысты. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 14-орынға табан тіреді.

Айта кетейік, қазір күрес түрлерінен Қазақстан құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасының 2 лицензиясы бар. Оның бірі еркін күрестен Азамат Дәулетбековке (86 келі) тиесілі болса, екіншісі грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсыновтың (87 келі) еншісінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2056737-qazaqstandyq-baluandar-franciyada-otken-zarysta-zuldeli-oryn-ielendi/

pixel