Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тіліміз ұқсайды": Қазақстан азаматтығын алған балуан ел чемпионатына қатысып, қола медаль жеңді

Опубликовано:

Начын Куулар
Начын Куулар. Фото: sportplustv.kz

Қазақстан азаматтығын алған ресейлік балуан, Тыва республикасының тумасы Начын Куулар күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатына қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

28 жастағы Начын Куулар күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігінде Шымкент қаласының атынан бақ сынап, қола жүлде жеңіп алды.

"Қазақстанға келгеніме 1,5 жылдай уақыт болды. Бірақ азаматтықты тек 2023 жылдың желтоқсанында алдым. Шымкент қаласының атынан күресемін, негізінен осы қала мен Алматыда жаттықтым. Қазақ тілін үйреніп жүрмін, менің ана тіліммен 60 пайызға ұқсас екен. Жалпы бәріміз бір түркі халқы болғандықтан, мәдениет пен дәстүрде де ортақ тұстар байқадым. Мақсатым басқа елге көшіп, спорттық мансабымды жалғастыру болды. Бастапқыда Өзбекстанды қарастырдық, бірақ кейін әртүрлі себептермен таңдауымыз Қазақстанға түсті", – деді Начын Куулар.

Ол Қазақстан чемпионатында жақсы белдескенін және жеңімпаз атанған маңғыстаулық спортшы Майс Әлиевтің күресі ұнағанын айтты.

"Бар болғаны 20 жаста, болашағы бар балуан деп білемін. 65 келі салмақ дәрежесінде Қазақстанға Олимпиадалық жолдама алу оңайға соқпайды. Дәулет Ниязбековтен кейін жарқын өкілі болмады бұл салмақтың. Бір жағынан Олимпиадалық арманымды жүзеге асыруға Қазақстанды таңдағаныма да сол себеп болды. Астанадағы жарыста барша жанкүйердің қазақ балуанын қолдағанын сездім және ол түсінікті жағдай. Мен күресте жүргеніме көп жыл болды, боз кілемдегі іс-әрекеттіме ғана мән беруді үйрендім. Қазақ халқына тек сыйластықпен қараймын", – деді балуан.

Начын Куулар – 2019 жылғы Ресей және Еуропа чемпионатының жүлдегері, U23 әлем чемпионы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2059453-qazaqstan-azamattygyn-algan-baluan-algas-ret-el-cempionatyna-qatysyp-qola-zulde-zenip-aldy/

pixel