Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Бакуде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысында үшінші орын алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан Дзюдо федерациясының Instagram желісінде жарияланған ақпаратқа сәйскес, қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Бакуде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысының қола жүлдесіне ие болып, үшінші орын алды. "Жұбаныш" финалында ол белгиялық қарсыласы Луиз Петиттен басым түсті.
Сондай-ақ федерация мәліметіне сүйенсек, бұл Абиба Абужақынованың 2024 жылы екінші рет қатысқан әлемдік жарысындағы екінші қола жүлдесі.
Бұған дейін ол Португалияда өткен Гран-при жарысында қола жүлдені еншілеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2061455-grand-slam-qazaqstandyq-dzyudosy-qola-zuldege-ie-boldy/