jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Дзюдошы Әбиба Әбужақынова халықаралық турнирде жүлделі орын иеленді

    Дзюдошы Әбиба Әбужақынова
    Әбиба Әбужақынова. Фото: olympic.kz

    Португалияның Одивелаш қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-при турнирінде Әбиба Әбужақынова қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан дзюдо федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Әбиба Әбужақынова үшінші орынға таласта Түркия өкілі Сила Ерсінді ұтты.

    Осыған дейін қазақстандық дзюдошы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтаған еді. Әбиба іріктеу кезеңінде Эмбер Гершес (Нидерланд) пен Лаура Эспадинхадан (Франция) басым түсті. Бірақ ширек финалда жапониялық дзюдошы Кано Миякиден жеңіліп қалды. Ал "жұбаныш белдесуінде" Бельгия өкілі Лоис Петитті жеңіп, кіші финалға жолдама алды.

    Айта кетейік, дзюдодан 2024 жылғы маусымның алғашқы ресми рейтингтік жарысы саналатын Гран-при турнирі 28 қаңтарға дейін өтеді. Бұл бәсекеге әлемнің 90 елінен 624 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс жеңімпазына әлемдік рейтингте 700 ұпай, ІІ орынға – 490, ал ІІІ орынға 350 ұпайдан қосылады.

    Гран-при турниріне Қазақстан атынан 20 спортшы барды. Ерлер құрамасында Ержан Еренғайыпов, Дәурен Суюкенов, Жанарыс Рахметқали, Нұрсұлтан Зайзағалиев, Жансай Смағұлов, Дархан Қойбағар, Айбол Нысанәлі, Мәди Амангелді, Айдар Арапов, Құдірет Досымов, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев бар. Ал әйелдер құрамасынан Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева, Бақыт Құссақбаева, Эсмигүл Куюлова, Аруна Жангельдина, Камила Берліқаш жарысқа аттанған еді.

    Дзюдошы Әбиба Әбужақынова халықаралық турнирде жүлделі орын иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.