Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарған қазақ балуаны көз жұмды

Опубликовано:

Мұхамбет Қуатбек
Мұхамбет Қуатбек. Фото: instagram/bassportkz

Еркін күрестен 2014 жылы Нанкинде өткен жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Мұхамбет Қуатбек көз жұмды, деп хабарлайды Sportbugin.kz сайты.

Әзірге балуанның неден қайтыс болғаны белгісіз.

Мұхамбет Қуатбек жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Сайттың жазуынша, соңғы жылдары Мұхамбет күрестен Қазақстан чемпионаттарында көрінген жоқ. Себебі спортшы бірнеше жыл бойы Америкада тұрған.

"Мұхамбет балуан 16 наурызда АҚШ-та көз жұмды. Ол соңғы екі жылда Филадельфияда тұрған. Оның неден қайтыс болғаны белгісіз. Қазіргі таңда балуанның денесін елге әкелу мәселесімен елшілік айналысып жатыр", - деді журналист Данияр Кәрімжан.

Қазақстан күрес федерациясы да Instagram-дағы Stories желісінде қаралы ақпаратты растап, спортшының архивтегі видеосын бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2071164-zasospirimder-olimpiadasynda-top-zargan-qazaq-baluany-koz-zumdy/

pixel