Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының жартылай финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
97 кг cалмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Ризабек Айтмұхан ширек финалда өзбекстандық балуан Махсуд Вейсаловты жеңді.
Айта кетейік, Ризабек алғашқы белдесуінде Қырғызстан өкілі Андрей Ароновты 6:0 есебімен ұтқан еді.
Азия чемпионатына қатысып жатқан тағы бір қазақстандық балуан Мейрамбек Қартбай (57 кг) та жартылай финалға шықты. Ол ширек финалда Өзбекстан өкілі Жұманазаровты жеңді. Мейрамбек келесі белдесуін Жапония өкілі Кенто Юмияға қарсы өткізеді.
Сондай-ақ Санжар Мұхтар (65 кг) мен Мейіржан Әшіров (70 кг) ширек финалда қарсыластарына есе жіберді. Ал Азамат Өміржанов (79 кг) бірінші белдесуде моңғол балуанын ұтылып, жарысты аятаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2082986-rizabek-aitmuxan-aziya-cempionatynyn-zartylai-finalyna-otti/