jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Лаура Алмағанбетова қола жүлде үшін күресте қарсыласын уақытынан бұрын жеңді

    Лаура Алмағамбетова (сол жақта)
    Лаура Алмағамбетова (сол жақта). Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Қазақстандық балуан Лаура Алмағанбетова Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қола медаль иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Әйелдер күресінен 57 кг салмақта сынға түскен Лаура Алмағанбетова қола жүлде үшін күресте қырғызстандық балуан Сезім Жұманазарованы уақытынан бұрын жеңді.

    Айта кетейік, Лаура жартылай финалда Жапония өкілі Тцугуми Сакурайға (11-0) есе жіберген еді.

    Сондай-ақ бүгін, 14 cәуірде қазақстандық балуандар Ирина Казюлина (65 кг) мен Анастасия Панасович (72 кг) қола жүлдеге таласады.

    Кешегі жарыс күнінде әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова (76 кг) мен Диана Каюмова (59 кг) қола медальге ие болған еді.

    Лаура Алмағанбетова қола жүлде үшін күресте қарсыласын уақытынан бұрын жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.