Қазақстандық балуан Анастасия Панасович Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қола медаль иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Әйелдер күресінен 72 кг салмақта бақ сынаған Анастасия Панасович қола жүлде үшін таласта Өзбекстан өкілі Озода Зарипбаеваны 10:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Анастасия жартылай финалда үндістандық Харшита Харшитудан 0:5 есебімен ұтылып, ақтық сынға өте алмаған еді.
Осыған дейін Лаура Алмағанбетова (57 кг) қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп, қола жүлде иеленді. Сондай-ақ Эльмира Сыздықова (76 кг) мен Диана Каюмова (59 кг) да қола медаль еншілеген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2084585-kuresten-aziya-cempionaty-qazaqstan-qorzynyna-tagy-bir-zulde-tusti/