Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 2 алтын, 4 күміс, 6 қола жүлде жеңіп алып, медаль кестесінде 12 жүлдемен бесінші орынға жайғасты.
Бірінші орында Жапония командасы (9 алтын, 5 күміс, 4 қола) тұрса, екінші сатыға Иран (9 алтын, 3 күміс, 5 қола) орналасты. Ал үздік үштікті 4 алтын, 3 күміс, 7 қола медаль иеленген Қырғызстан құрамасы түйіндеді.
Азия чемпионатында жүлде еншілеген қазақстандық балуандар:
Алтын жүлде:
- Азамат Дәулетбеков – еркін күрес, 86 кг;
- Ержет Жарылқасын – грек-рим күресі, 63 кг.
Күміс жүлде:
- Ризабек Айтмұхан – еркін күрес 97 кг;
- Асыл Айтақын – еркін күрес, 61 кг;
- Нұрсұлтан Тұрсынов – грек-рим күресі, 87 кг;
- Юсуф Мациев – грек-рим күресі, 97 кг.
Қола жүлде:
- Мейрамбек Қартбай – еркін күрес, 57 кг;
- Диана Каюмова – әйелдер күресі, 59 кг;
- Эльмира Сыздыкова – әйелдер күресі, 76 кг;
- Лаура Алмаганбетова – әйелдер күресі, 57 кг;
- Анастасия Панасович – әйелдер күресі, 72 кг;
- Ибрагим Магомадов – грек-рим күресі, 77 кг.
Айта кетейік, 19-21 сәуірде Бішкекте (Қырғызстан) күрестен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді. Бұл жарыста Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2086145-qazaqstan-quramasy-kuresten-aziya-cempionatynyn-medal-kestesinde-besinsi-orynga-turaqtady/