jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан құрамасы күрестен Азия чемпионатының медаль кестесінде бесінші орынға тұрақтады

    Ержет Жарылқасын
    Ержет Жарылқасын. Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 2 алтын, 4 күміс, 6 қола жүлде жеңіп алып, медаль кестесінде 12 жүлдемен бесінші орынға жайғасты.

    Бірінші орында Жапония командасы (9 алтын, 5 күміс, 4 қола) тұрса, екінші сатыға Иран (9 алтын, 3 күміс, 5 қола) орналасты. Ал үздік үштікті 4 алтын, 3 күміс, 7 қола медаль иеленген Қырғызстан құрамасы түйіндеді.

    Азия чемпионатында жүлде еншілеген қазақстандық балуандар:

    Алтын жүлде:

    • Азамат Дәулетбеков – еркін күрес, 86 кг;
    • Ержет Жарылқасын – грек-рим күресі, 63 кг.

    Күміс жүлде:

    • Ризабек Айтмұхан – еркін күрес 97 кг;
    • Асыл Айтақын – еркін күрес, 61 кг;
    • Нұрсұлтан Тұрсынов – грек-рим күресі, 87 кг;
    • Юсуф Мациев – грек-рим күресі, 97 кг.

    Қола жүлде:

    • Мейрамбек Қартбай – еркін күрес, 57 кг;
    • Диана Каюмова – әйелдер күресі, 59 кг;
    • Эльмира Сыздыкова – әйелдер күресі, 76 кг;
    • Лаура Алмаганбетова – әйелдер күресі, 57 кг;
    • Анастасия Панасович – әйелдер күресі, 72 кг;
    • Ибрагим Магомадов – грек-рим күресі, 77 кг.

    Айта кетейік, 19-21 сәуірде Бішкекте (Қырғызстан) күрестен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді. Бұл жарыста Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады.

    Қазақстан құрамасы күрестен Азия чемпионатының медаль кестесінде бесінші орынға тұрақтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.