Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күрестен Олимпиада жолдамасын сарапқа салатын турнирдің кестесі жарияланды

Опубликовано:

Ибрагим Магомадов
Ибрагим Магомадов. Фото: olympic.kz

Қырғызстан астанасы Бішкекте Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салатын турнир басталады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ертең, 19 сәуірде Бішкекте күрестен Азияның лицензиялық іріктеу турнирі басталады. Қазақстан құрамасы үш спорт түрі бойынша да Олимпиада жолдамасын сарапқа салады.

Лицензиялық турнирдің толық кестесі:

19 сәуір

  • Еркін күрес: 57, 65, 74, 86, 97, 125 кг дейін;
  • 09:30 – түсте өтетін жарыс;
  • 17:00 – финалдық бәсекелер.

20 сәуір

  • Әйелдер күресі: 50, 53, 57, 62, 68, 76 кг дейін;
  • 09:30 – түсте өтетін жарыс;
  • 17:00 – финалдық бәсекелер.

21 сәуір

  • Грек-рим күресі: 60, 67, 77, 87, 97, 130 кг дейін
  • 09:30 – түсте өтетін жарыс;
  • 17:00 – финалдық бәсекелер.

Еске салайық, қазіргі таңда қазақ балуандары арасында 87 келі салмақта өнер көрсететін грек-рим күресінің өкілі Нұрсұлтан Тұрсынов ғана 2024 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2087150-kuresten-olimpiada-zoldamasyn-sarapqa-salatyn-turnirdin-kestesi-zariyalandy/

pixel