Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күрестен лицензиялық турнир: қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары анықталды

Опубликовано:

Әлішер Ерғали
Әлішер Ерғали. Фото: olympic.kz

19-21 сәуірде Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия құрлығының іріктеу турнирінің жеребесі тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Cпортты дамыту дирекциясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Үш күн бойы 36 Олимпиада лицензиясы сарапқа салынады. Жолдама тек әр салмақта финалға шыққан балуандарға беріледі.

19 сәуірде еркін күрес, 20 сәуірде әйелдер күресі, 21 сәуірде грек-рим күресінің шеберлері боз кілемге шығады.

Қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары:

Еркін күрес:

  • 57 кг, Ерасыл Мұхтарұлы – Аман (Үндістан);
  • 65 кг, Майис Әлиев – Ассаф (Палестина);
  • 74 кг, Нұрғожа Қайпанов – Афан (Филиппин);
  • 97 кг, Әлішер Ерғали – Хемеляев (Түрікменстан) — Аронов (Өзбекстан);
  • 125 кг, Юсуп Батырмұрзаев – Анвар (Пәкстан).

Грек-рим күресі:

  • 60 кг, Айдос Сұлтанғали – Албидхан (Ирак);
  • 67 кг, Мейіржан Шермаханбет – Атдаев (Түрікменстан);
  • 77 кг, Демеу Жадыраев – Барнави (Сауд Арабиясы) — Езимов (Түрікменстан);
  • 97 кг, Олжас Сырлыбай – Наказато (Жапония);
  • 130 кг, Әлімхан Сыздықов – Курраев (Түрікменстан).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2087225-kuresten-licenziyalyq-turnir-qazaqstandyq-baluandardyn-algasqy-qarsylastary-anyqtaldy/

pixel