Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада жолдамасына бір қадам қалды: қазақстандық үш балуан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

Опубликовано:

Нұрғожа Қайпанов
Нұрғожа Қайпанов. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Қазақстандық үш еркін күрес шебері Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінің жартылай финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

74 кг салмақта бақ сынаған Нұрғожа Қайпанов ширек финалда пәкістандық балуан Мухаммад Асад Улахтан 10:0 есебімен басым түсті. Юсуп Батырмұрзаев (125 кг) қырғызстандық балуан Айаал Лазаревті мерзімінен бұрын жеңді. Ал 97 кг салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали Андрей Ароновты (Қырғызстан) айқын басымдықпен ұтып, жартылай финалға өтті.

Ерасыл Мұхтарұлы (57 кг) алғашқы белдесуінде үндістандық Аман Аманнан жеңіліп, жарысты аяқтады. Ал палестиналық Абдулла Асафты сенімді түрде жеңген қазақстандық балуан Маис Алиев (65 кг) ширек финалда күреседі.

Айта кетейік, Олимпиада жолдамасы тек әр салмақта финалға шыққан балуандарға беріледі. Финалдық белдесулер бүгін, 19 сәуірде сағат 17:00-де басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2087627-olimpiada-zoldamasyna-bir-qadam-qaldy-qazaqstandyq-us-baluan-aziya-cempionatynyn-zartylai-finalyna-otti/

pixel