Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия құрлығының іріктеу турнирінде Олимпиада лицензиясын иелене алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
74 кг салмақта сынға түскен Нұрғожа Қайпанов жартылай финалда Иран өкілі Йонес Эмамимен кездесіп, 11:0 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Нұрғожа Қайпанов – екі дүркін Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері.
Бүгін, 19 сәуірде тағы екі қазақстандық балуан – Әлішер Ерғали (97 кг) мен Юсуп Батырмұрзаев (125 кг) Олимпиада жолдамасы үшін күреседі. Әлішер Қытайдағы қазақ балуаны Әбусайман Хабиламен кездессе, Юсуп бахрейндік спортшы Шамиль Шәріповпен белдеседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2087972-qazaqstandyq-baluan-olimpiada-zoldamasy-usin-beldesude-qarsylasyna-ese-ziberdi/