Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлішер Ерғали этникалық қазақты жеңіп, Олимпиадаға жолдама алды

Опубликовано:

Әлішер Ерғали (сол жақта)
Әлішер Ерғали (сол жақта). Фото: instagram.com/qaz_olympics

Қазақстандық еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия құрлығының іріктеу турнирінде Олимпиадаға жолдама жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

97 кг салмақта бақ сынаған Әлішер Ерғали жартылай финалда Қытайдағы қазақ балуаны Әбусайман Хабиламен күресіп, 3:2 есебімен жеңді. Осылайша, Олимпиада лицензиясын иеленді.

Бұл – күрес түрлерінен Қазақстан қоржынына түскен үшінші жолдама. Осыған дейін еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 кг) және грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) Олимпиада лицензиясын еншілеген еді.

Айта кетейік, бүгін жолдама үшін белдескен тағы бір қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов (74 кг) Иран өкілі Йонес Эмамиге есе жіберді. Енді Юсуп Батырмұрзаев (125 кг) Олимпиада лицензиясы үшін күреседі. Оның қарсыласы – бахрейндік спортшы Шамиль Шәріпов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2088011-aliser-ergali-etnikalyq-qazaqty-zenip-olimpiadaga-zoldama-aldy/

pixel