Қазақстандық еркін күрес шебері Юсуп Батырмұрзаев Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия құрлығының іріктеу турнирінде Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
125 кг салмақтағы Юсуп Батырмұрзаев шешуші белдесуде Бахрейн өкілі Шамиль Шәріповтен 3:7 есебімен басым түсіп, Олимпиада лицензиясына ие болды.
Бұл – күрес түрлерінен Қазақстан қоржынына түскен төртінші жолдама. Осыған дейін грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг), еркін күрестен Азамат Дәулетбеков (86 кг) пен Әлішер Ерғали (97 кг) Олимпиада лицензиясын еншілеген еді.
Айта кетейік, бүгін, 19 cәуірде Бішкек боз кілемінде жолдама үшін белдескен тағы бір қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов(74 кг) Иран өкілі Йонес Эмамиге есе жіберді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2088044-kuresten-olimpiadaga-irikteu-turnirinde-qazaqstan-qorzynyna-tagy-bir-zoldama-tusti/