jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық төрт балуан Олимпиада жолдамасы үшін күреседі

    Әлімхан Сыздықов
    Әлімхан Сыздықов. Фото: instagram/qaz_team_official / Нұрғали Жұмағазы

    Бүгін, 21 сәуір Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен лицензиялы турнирдің соңғы жарыс күні. Қазақстандық төрт балуан Олимпиада жолдамасы үшін күреседі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бішкектегі Азия лицензиялық турниріне барған бес қазақстандық грек-рим күресі шеберінің төртеуі жартылай финалға шықты.

    77 кг салмақ дәрежесіндегі Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев 1/4 финалда Түркіменстан спортшысы Базаргелді Езимовты айқын басымдылықпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал 60 кг дәрежесіндегі балуан Айдос Сұлтанғали 1/4 финалда Тәжікстан өкілі Асламджон Азизовтан 2:1 есебімен басым түсті. Сонымен қатар 67 кг салмақ дәрежесінің балуаны Мейіржан Шермаханбет ширек финалда Өзбекстан спортшысы Аброр Атабаевты 6:3 есебімен жеңсе, 130 келідегі Әлімхан Сыздықов ширек финалда Түркіменстан спортшысы Айбекшазада Курраевты 9:0 есебімен ұтты.

    Айта кетейік, финалға шыққан екі балуан да Олимпиада жолдамасына қол жеткізеді. Парижде өтетін дүбірлі додаға қатысу үшін, қазақстандық төрт балуанға тек жартылай финалда жеңіске жету керек.

    Қазақстандық төрт балуан Олимпиада жолдамасы үшін күреседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.