jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Дзюдодан Қазақстан құрамасы
    Дзюдодан Қазақстан құрамасы. Фото: instagram/qaz_team_official

    Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының аралас командалық сайысы бойынша 3-орынға ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Дзюдодан аралас командалық сайыста Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды. Гонконгта өтіп жатқан сайыстың кіші финалында қазақстандық балуандар Түрікменстан командасынан басым түсті. Нәтижесінде отандастарымыз 4:2 есебімен жеңіске жетті.

    Азия чемпионатының командалық сайыс нәтижесі:

    1. Жапония;
    2. Моңғолия;
    3. Қазақстан;
    4. Өзбекстан.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2022 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында қола, 2021 жылы Бішкекте күміс жүлдегер атанған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.