Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбиба Әбужақынова соңғы лицензиялық турнирге неге қатыспайтынын түсіндірді

Жарияланған күні:

Әбиба Әбужақынова
Әбиба Әбужақынова. Фото: ijf.org

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Астанада 10-12 мамыр аралығында өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне не себепті қатыспайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап хабарлайды.

"Өз елімізде, елордамызда өтетін, жергілікті жанкүйерлер алдында Олимпиада ойындарына соңғы лицензия беретін маңызды додадан шет қалып жатқаным әрине, қиын. Бірақ, жанкүйерлерім алаңдамаса екен деймін. Мен ең бастысы Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізіп тұрмын.

Олимпиада ойындарына әлемдік рейтингіде алғашқы 17 орында тұрған спортшылар баруға мүмкіндік алады. Ал мен өз салмағымда 3-орында келе жатырмын. Осыған байланысты ұлттық құраманың бас бапкері мен жеке жаттықтырушым ақылдаса келе соңғы лицензиялық турнирден босатты. Есесіне, жақында өтетін әлем біріншілігіне қатысатын болып жатырмын", - деді Әбужақынова.

Астанада өтетін Grand Slam турнирі Париж Олимпиадасына ұпай беретін соңғы рейтингілік жарыс болмақ. Бірінші орын үшін 1000, екінші орын үшін – 700, ал үшінші орынға – 500 ұпай есептеледі.

Еске салайық, дзюдодан соңғы рейтингтік турнирде бақ сынайтын Қазақстан құрамасы анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2095223-abiba-abuzhaqynova-songgy-litsenziialyq-turnirge-nege-qatyspaitynyn-tusindirdi/