jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Елдос Сметов пен Ислам Бозбаев: дзюдодан соңғы рейтингтік турнирде бақ сынайтын спортшылар анықталды

    Данияр Шамшаев
    Данияр Шамшаев. Фото: olympic.kz

    10-12 мамыр аралығында Астанада өтетін дзюдодан әлемдік Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Астанада өтетін Grand Slam турнирі Париж Олимпиадасына ұпай беретін соңғы рейтингілік жарыс болмақ. Бірінші орын үшін 1000, екінші орын үшін – 700, ал үшінші орынға – 500 ұпай есептеледі.

    Турнир өз елімізде өтетіндіктен, әр салмақта төрт балуаннан қатысуға рұқсат берілген. 

    Ерлер: 

    • 60 кг: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Сүйеукенов;
    • 66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали, Есет Қуанов, Нұрсұлтан Зайзағалиев;
    • 73 кг: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Бақытжан Әбдірахманов;
    • 81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев, Жалғас Қайролла, Мәди Амангелді; 
    • 90 кг: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков, Құдырет Досымов, Мұхамедәли Мавлидов; 
    • 100 кг: Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев, Бекзат Шағатаев; 
    • +100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев, Мәди Еділбаев, Ғалымжан Қырықбай. 

    Ал қыздар арасындағы бәсекеге Әбиба Әбужақынова қатыспайды. Оның Олимпиадалық рейтингтегі ұпайы түгел. Әбиба енді әлем чемпионатында өнер көрсетуді мақсат етіп отыр.

    Елдос Сметов пен Ислам Бозбаев: дзюдодан соңғы рейтингтік турнирде бақ сынайтын спортшылар анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.