Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдошы Ғалия Тынбаева мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінің алтын медаліне таласады

Жарияланған күні:

Ғалия Тынбаева
Ғалия Тынбаева. Фото: Сали Сабиров

Қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

48 кг салмақтағы Тынбаева жартылай финалда франциялық Шырын Буклиді "ваззари" ұпайымен жеңді. Осылайша, ол мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінің финалына жолдама алып отыр. 

Ал бүгін, 10 мамырда татамиге шыққан басқа қыздар (Алира Шегелекева, Диана Буркеева, Жібек Жақсыбай, Алима Жұмағалиева, Балнұр Әбдешева, Толғанай Әбеуова, Аружан Ережепова) жеңіліс тапты.

Ғалия Тынбаева жақында Гонконгте өткен дзюдодан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған еді. Ол үшінші орынға таласта отандасы Әбиба Әбужақыновадан басым түскен болатын.

Еске салайық, Елдос Сметов Grand Slam турнирінің жұбаныш белдесуіне қатысатынын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2098391-dziudoshy-galiia-tynbaeva-mansabynda-algash-ret-grand-slam-turnirining-altyn-medaline-talasady/