jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Астанадағы Grand Slam турнирі: Елдос Сметов жұбаныш белдесуінде бақ сынайды

    Елдос Сметов
    Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Астанада өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінің жұбаныш белдесуіне қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    60 кг салмақтағы Елдос Сметов ширек финалда ресейлік Рамазан Абдуллаевтан қосымша уақытта жеңіліп қалды. Осылайша, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуінде бақ сынайды.

    Айта кетейік, Сметов алғашқы айналымда португалиялық Родриго Коста Лопеспен кездесіп, "иппон" әдісімен ұтқан еді. Кейін 1/8 финалда марокколық Юнесс Саддикиден басым түсіп, ширек финалға өткен болатын.

    Ал бүгін, 10 мамырда боз кілемге шыққан Қазақстан ерлер құрамасының өзге мүшелері толығымен жеңіліс тапты. 

    Еске салайық, Елдос Сметов өз салмағындағы командаластарын қарсылас санамайтынын айтқан еді.

    Астанадағы Grand Slam турнирі: Елдос Сметов жұбаныш белдесуінде бақ сынайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.