Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тарихта алғаш рет күрестен Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға қатыспайды

Опубликовано:

Эльмира Сыздықова
Эльмира Сыздықова. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Стамбұлда (Түркия) өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы бірде-бір лицензия иелене алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Стамбұлдағы турнир Олимпиада жолдамасын жеңіп алуға соңғы мүмкіндік еді. Бұл жарыста әйелдер кұресінен Лаура Ғаниқызы (50 кг), Марина Седнева (53 кг), Лаура Алмағанбетова (57 кг), Ирина Кузнецова (62 кг), Елена Шалыгина (68 кг) және Эльмира Сыздықова (76 кг) Қазақстан намысын қорғады. Бірақ ешбірі Олимпиада лицензиясын еншілей алмады. Осылайша, тәуелсіз Қазақстан тарихында бірінші рет балуан қыздар Олимпиада ойындарынан тыс қалып отыр.

Қазір Қазақстан қоржынында күрес түрлерінен 7 жолдама бар: грек-рим күресі – 4, еркін күрес – 3.

Еске салайық, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы алғаш рет Олимпиадаға бармайтынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2098793-tarihta-algash-ret-kuresten-qazaqstan-aielder-quramasy-olimpiadaga-qatyspaidy/