Еркін күрестен Қазақстан ерлер құрамасы Түркияда өткен соңғы іріктеу турнирінде Олимпиада лицензиясын ала алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Еркін күрестен ұлттық құрама үш салмақ дәрежесі бойынша жолдамасыз қалған еді. Бүгін, 12 мамырда осы салмақтың барлығында қазақстандық балуандар соңғы лицензияларды сарапқа салды. Олимпиада жолдамасын жеңу үшін қола жүлдеге ие болу керек, содан кейін тағы бір қарсыласты ұту қажет еді. Атап айтсақ Рахат Қалжан 57 кг салмақ дәрежесінде жүлде үшін белдесуде жеңіліп қалды. Жерлесіміз қытайлық балуан Ванхао Зудан 8:6 есебімен жеңілді.
Ал Адлан Асқаров 65 кг дейінгі салмақ дәрежесінде жұбаныш белдесуінде беларус спортшысы Нюргун Скрябиннен 3:4 есебімен ұтылып, қола да, лицензия үшін де таласа алмады. 74 кг салмақта Нұрқожа Қайпанов жүлделі орынға шыққан еді. Бірақ қола үшін белдесуде албаниялық Чермен Валиевтен 3:4 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша ұлттық құрамада еркін күрестен үш лицензия ғана бар. Олар Азамат Дәулетбеков (86 кг дейін), Әлішер Ерғали (97 кг дейін) және Юсуп Батырмырзаев (125 кг дейін).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2099156-qazaqstandyq-baluandar-olimpiada-zholdamasyn-ielenetin-songgy-mumkindikti-zhiberip-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.