Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатаның қола жүлдесі үшін күреседі

Жарияланған күні:

Елдос Сметов
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатаның қола жүлдесі үшін күреседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

60 кг салмақтағы Елдос Сметов ширек финалда ресейлік Аюб Блиевтен жеңіліп қалды. Енді Сметов жұбаныш белдесуіне қатыспай, бірден қола медаль үшін күреседі. Себебі оның жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы франциялық Ромен Валадье Пикар жарыстан шеттетілді.

Әбиба Әбужақынова (48 кг) жартылай финалда Моңғолия өкілі Баасанху Бавуудоржға есе жіберді. Енді Әбиба түркиялық дзюдошы Тукче Бедермен қола жүлдені сарапқа салады.

Ал Ғалия Тынбаева (48 кг) екінші айналымда сүрінсе, Нұрқанат Серікбаев (60 кг) 1/8 финалда ұтылып, жарысты аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2103206-eldos-smetov-pen-abiba-abuzhaqynova-alem-chempionatanyng-qola-zhuldesi-ushin-kuresedi/