Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жедел жәрдеммен алып кетті": қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында жарақат алып қалды

Жарияланған күні:

Эсмигуль Куюлова
Эсмигүл Куюлова. Фото: instagram.com/qaz_team_official

Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Куюлова Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында жарақат алып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кеше, 21 мамырда татамиге Қазақстан құрамасынан тек 63 кг салмақтағы Эсмигүл Куюлова шықты. Ол жарыс барысында Қырғызстан мен Кабо-Верде спортшыларын жеңгенімен, үшінші айналымда Польша өкіліне есе жіберді. Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев Эсмигүлдің жарақат алғанын айтты.

"Эсмигүл жақсы бастады. Бірінші, екінші айналымда жақсы күресті. Шығарып жіберіп, сосын қайта шақырып алып күрестірді. Сөйтіп екі кезеңнен өтті. Үшінші айналымдағы қарсыласы өте мықты. Одан партерде ұтылып қалды.

Эсмигүл қолын ауыртып алды. IJF-тің дәрігерлері жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Алысқа баратын шығар деп үміттеніп едік. Бірақ жаман емес, жақсы күресті", - деді Алпысбаев "Qazsport" телеарнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Эсмигүл Гонконгта өткен Азия чемпионатында қола жүлде еншілеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2104854-zhedel-zhardemmen-alyp-ketti-qazaqstandyq-dziudoshy-alem-chempionatynda-zharaqat-alyp-qaldy/