Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия чемпионатында алғаш рет жүлде алған қазақстандық дзюдошы көз жасына ерік берді (видео)

Опубликовано:

Эсмигуль Куюлова
Эсмигуль Куюлова. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық дзюдошы Эсмигуль Куюлова алғаш рет Азия біріншілігінің жүлдесіне қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

63 кг салмақта бақ сынаған Эсмигуль Куюлова жарыстың екінші айналымында жапон балуаны Кирари Ямагучиге есе жіберген еді. Кейін жұбаныш белдесуінде үндістандық спортшыдан басым түсіп, үшінші орынға таласуға мүмкіндік алды.

Эсмигуль шешуші белдесуде Түрікменстан өкілі Зулхумар Дашкинованы жеңіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ 350 рейтингтік ұпай еншіледі.

Спортты дамыту дирекциясының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған видеодан Эсмигуль жеңісінен кейін эмоциясын жасыра алмай, көз жасына ерік бергенін көруге болады.

"Бұл менің алғашқы Азия чемпионатым, алғашқы жүлдем. Жарақатым болды. Осы жарысқа қатысу, қатыспауым белгісіз болған. Олимпиадаға аз уақыт қалды. Ұпай жинайтын әр мүмкіндікті пайдалануым керек", - деді Эсмигуль Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Гонгогтағы Азия чемпионатында Ғалия Тынбаева мен Жанарыс Рахметқали де қола жүлде иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2088809-aziya-cempionatynda-algas-ret-zulde-algan-qazaqstandyq-dzyudosy-koz-zasyna-erik-berdi-video/

pixel