Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік балуанның орнына Олимпиадаға қазақстандық спортшы баратын болды

Опубликовано:

Мейрамбек Қартбай
Мейрамбек Қартбай. Фото: uww.org

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылы әлем чемпионатында Мейрамбек Қартбай бесінші орын алған еді. Ол Олимпиада жолдамасы үшін таласта ресейлік спортшы Заур Угуиевке есе жіберген болатын.

Күрес түрлерінен Ресей құрамасы Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартқаннан кейін Олимпиада лицензиялары қайтадан үлестірілді. Осылайша, Мейрамбек Қартбай лицензияға ие болды. Қазақстандық балуан Париждегі бәсекеде 57 кг салмақта белдеседі. 

26 шілдеде басталатын Олимпиада ойындарында еркін күрестен 4 спортшы ел намысын қорғайды. Олар: Мейрамбек Қартбай (57 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг), Әлішер Ерғали (97 кг) және Юсуп Батырмұрзаев (125 кг).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2130717-reseilik-baluannyng-ornyna-olimpiadaga-qazaqstandyq-sportshy-baratyn-boldy/