Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында 9 медаль жеңіп алды

Жарияланған күні:

Қазақстан құрамасы
Қазақстан құрамасы. Фото: instagram.com/kazwrestling_official

Қазақстан құрамасы Таиландта өткен грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында 9 медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық балуандар аталған жарыста 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 185 ұпаймен екінші орынға жайғасты.

Юсуф Ашрапов пен Ерасыл Жеңіс алтын медаль иеленді. Арсен Жұма, Бағылан Қуанышев, Рахат Бержанов пен Джохар Узаров күміс жүлде еншіледі. Ал Айбек Айтбеков, Тайым Амангелді және Диас Сейітқалиев қола жүлдеге қол жеткізді.

Еске салайық, грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасы Хашимитте (Иордания) өткен 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионатын 6 медальмен аяқтаған еді. Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдемен жалпы командалық есепте 3-орынға тұрақтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2137833-qazaqstan-quramasy-grek-rim-kuresinen-aziia-chempionatynda-9-medal-zhengip-aldy/