jitsu gif
Спорт

    Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

    Шәміл Досбол
    Шәміл Досбол. Фото: olympic.kz

    Грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасы Хашимитте (Иордания) өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионатын 6 медальмен аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

    Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдемен жалпы командалық есепте 3-орынға тұрақтады.

    60 кг салмақ дәрежесінде белдесетін Шәміл Досбол алтын медаль иеленсе, Еркебұлан Анапия (80 кг) мен Әділет Тойшы ( 92 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Нұрдәулет Құмарұлы (45 кг), Едіге Төлеутаев (51 кг) және Данияр Қанағатбек (65 кг) қола жүлдені қанжығалады.

    Ал еркін күрес шеберлерінің еншісінде әзірге үш қола медаль бар. Әмір Оразбаев, Ерғали Бейбарыс және Бақдәулет Әкімжанов өз салмақтарында үшінші орынға ие болды.

    Еске салайық, грек-рим стилінде өнер көрсететін қазақ балуаны Исхар Құрбаев Қазан (Ресей) қаласындағы БРИКС ойындарында алтын медаль жеңіп алғанын жазған едік.

    Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.