Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары кім

Жарияланған күні:

Әбиба Әбужақынова
Әбиба Әбужақынова. Фото: instagram.com/qaz_team_official

Қазақстандық дзюдошылардың Париж Олимпиадасындағы алғашқы қарсыластары анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Әбиба Әбужақынова (48 кг) алғашқы айналымда Израиль спортшысы Шира Ришонимен кездеседі. Камила Берліқаш (78 кг) моңғолиялық Адиясурен Амарсайханмен, ал Эсмигүл Куюлова (63 кг) аустриялық Лубьяна Пиовесанамен белдеседі.

Елдос Сметовтің (60 кг) алғашқы қарсыласы – Нидерланд спортшысы Торнике Цякадоеа. Ал Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) бірінші айналымда испаниялық Дэвид Гарсияға қарсы тұрады. Данияр Шамшаев (73 кг) өзбек дзюдошысы Муроджон Юлдошевпен кездессе, Нұрлыхан Шархан (-100 кг) белгиялық Тома Никифоровпен белдеседі. Ал Абылайхан Жұбаназар (81 кг) венгриялық Миклош Унгваримен күш сынасады.

Аралас командалық жарысты спортшылар +90 кг салмақ дәрежесі бойынша бастайды. Қазақстан құрамасының бұл сайыстағы алғашқы қарсыласы – Бразилия.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында дзюдо турнирі 27 шілде мен 3 тамыз аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2139807-parizh-olimpiadasy-qazaqstandyq-dziudoshylardyng-algashqy-qarsylastary-kim/