jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Сенімді ақтай алмадық": Әлішер Ерғалидің бапкері шәкіртінің жеңілісі үшін кешірім сұрады

    Әлішер Ерғали (сол жақта)
    Әлішер Ерғали (сол жақта). Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғаған балуан Әлішер Ерғалидің бапкері Пернебек Беласар шәкіртінің жеңілісіне қатысты пікір білдіріп, сенімді ақтай алмағандары үшін кешірім сұрады. Жаттықтырушы дайындық жоғары деңгейде өткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Париж Олимпиадасында Қазақстан атынан өнер көрсеткен балуан Әлішер Ерғалидің жаттықтырушысы Пернебек Беласар шәкіртінің жеңілісі үшін халықтан кешірім сұрады.
    • Беласардың айтуынша, Олимпиадаға дайындық жоғары деңгейде өтті, бірақ жекпе-жекте қарсыластың төрт ұпай жинауы олардың жоспарын бұзды.
    • Бапкер енді Ахмедтің финалға шығуын үміт етіп, жұбаныш белдесуінде барын салып күресетіндерін айтты.

    Пернебек Беласар Әлішер Ерғалидің сәтсіз жекпе-жегіне қатысты пікір білдіріп, алдағы жоспарымен бөлісті.

    Әлішер Ерғалидің бапкері сенімді ақтай алмағандары үшін көпшіліктен кешірім сұрады.

    "Олимпиада ойындарына өте үлкен дайындықпен келген едік. Өте өкінішті. Күрес болғасын осылай болып жатады. Қарсыластар бір-біріне қалай күрес қояды, солай болады. Төрт ұпай бәрін шешіп кетті. Біздің мақсатымыз қарсыласты шаршату болған. Алайда, тағы да айтамын, сол төрт ұпай жоспарымызды бұзды. Олимпиада болған соң, барлық балуан бабында келеді. Бізге негізі барлық жағдай жасалған болатын. Дайындық жақсы өтті. Енді сол кісілердің барлығынан кешірім сұраймыз. Сенімді ақтай алмадық. Барлық жарыстарға қалмай қатыстық. Оқу-жаттығу жиындары да ойдағыдай өткіздік. Бірақ, үміт ақталмады. Енді Ахмед финалға шықса деп тілейміз. Егер, ол финалға шықса, жұбаныш белдесуінде барымызды салып, кешірім сұрамайтындай күресетін шығармыз деп ойлаймын", - деді бапкер.

    "Сенімді ақтай алмадық": Әлішер Ерғалидің бапкері шәкіртінің жеңілісі үшін кешірім сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.