Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық балуан грек-рим күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жарияланған күні:

Алпамыс Болатұлы
Алпамыс Болатұлы. Фото: Olympic.kz

Грек-рим күрес шебері Алпамыс Болатұлы 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінің финалында өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Қазақстандық балуан Алпамыс Болатұлы Иорданияда өткен грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының финалында америкалық Джейден Скотт Рэйнигпен күресті.
  • Алпамыс Болатұлы 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті және іріктеуде Жапония, Иран және Армения балуандарын ірі есеппен жеңген.
  • Тағы бір қазақстандық Еркебұлан Анапия 80 кг дейінгі салмақта әлем чемпионатының финалында нейтралды ту астында өнер көрсететін Михаил Шкаринмен күресті.

Бүгін, 20 тамызда Иорданияның Амман қаласында грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының финалдық бәсекелелері өтті.

55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық балуан Алпамыс Болатұлы ақтық сында америкалық Джейден Скотт Рэйниге қарсы күресіп, 5:7 есебімен жеңіліс тапты.

Айта кетейік, грек-рим күрес шебері Алпамыс Болатұлы іріктеуде Жапония, Иран және Армения балуандарын ірі есеппен жеңген болатын.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық Еркебұлан Анапия 80 кг дейінгі салмақта әлем чемпионатының финалында нейтралды ту астында өнер көрсететін Михаил Шкаринмен белдеседі. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2151216-qazaqstandyq-baluan-grek-rim-kuresinen-alem-chempionatynyng-kumis-zhuldegeri-atandy/