Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

17 жастағы қазақстандық балуан әлем чемпионатында күміс жүлде еншіледі

Жарияланған күні:

Қазақстандық балуан Еркебұлан Анапия
Қазақстандық балуан Еркебұлан Анапия. Фото: uww.org

Грек-рим күресінің шебері Еркебұлан Анапия Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

80 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Еркебұлан Анапия нейтралды ту астында өнер көрсеткен Михаил Шкаринмен финалда күресті. Бұл белдесуде қазақстандық балуанның қарсыласы 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Еркебұлан Анапия 1/8 финалда украиналық Владислав Солодчукты 11:0 есебімен жеңсе, ширек финалда молдовалық Никита Апостолға мықтылығын дәлелдеді (8:0). Ал жартылай финалда әзербайжандық Орхан Хажиевтің жауырынын жерге тигізіп (8:6), финалға өткен болатын.

Осыған дейін тағы бір қазақстандық балуан Алпамыс Болатұлы да күміс жүлдеге ие болған еді. Ол 55 кг салмақ дәрежесіндегі финалда америкалық Джейден Скотт Рэйниге есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2151265-17-zhastagy-qazaqstandyq-baluan-alem-chempionatynda-kumis-zhulde-enshiledi/