Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдос Сметовпен бір салмақта сынға түскен Нұрқанат Серікбаев басқа салмақ дәрежесіне ауысты

Жарияланған күні:

Нұрқанат Серікбаев
Нұрқанат Серікбаев. Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев халықаралық турнир алдында салмақ ауыстырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев халықаралық турнир алдында салмақ дәрежесін 60 кг-дан 66 кг-ға өзгертті.
  • 13-15 қыркүйек аралығында Загребте өтетін Гран-при турнирінде қатысатын қазақстандық дзюдошылардың тізімі жарияланды.
  • Турнирге қатысатын қазақстандық спортшылар арасында ерлер мен әйелдердің әртүрлі салмақ санаттарында өнер көрсететін дзюдошылар бар.

Кеше, 27 тамызда Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтына 13-15 қыркүйек аралығында Загребте (Хорватия) өтетін Гран-при турнирінде белдесетін қазақстандық дзюдошылардың тізімі шықты. Олардың қатарында дзюдошы Нұрқанат Серікбаев та бар. 

Бұл тізімде Нұрқанат Серікбаев 66 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететіні жазылған. Ал қазақстандық дзюдошы бұған дейін 60 кг дейінгі салмақта сынға түсіп жүрген.

Сондай-ақ, дзюдодан 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасы алдындағы іріктеуде Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев және Мағжан Шамшадин үшеуі өзара мықтыны анықтаған болатын. Бұл іріктеу белдесуінде Елдос Сметов екі дзюдошыны да қапыда қалдырған.

Загребте өтетін Гран-при турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар:

Ерлер

  • 60 кг: Шерзод Давлатов;
  • 66 кг: Жанарыс Рахметқали, Нұрқанат Серікбаев;
  • 81 кг: Асқар Нарқұлов, Руслан Мұсаев;
  • 90 кг: Ермахан Әнуарбеков, Айбол Нысаналы;
  • 100 кг: Құдырет Досымов.

Қыздар

  • 48 кг: Ғалия Тынбаева;
  • 52 кг: Толғанай Әбеуова;
  • 63 кг: Самалай Ерғалиева;
  • 78 кг: Аруна Жангелдина;
  • +78 кг: Ақерке Рамазанова, Карина Такиева.

Бүгін, 28 тамызда Париж Олимпиадасын қорытындылауға арналған алқа отырысы басталды. Бұл жиында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев еркін күрес пен жеңіл атлетика құрамасының Париж Олимпиадасындағы нәтижесі туралы айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2154312-irikteude-eldos-smetovti-zhenge-almagan-nurqanat-serikbaev-basqa-salmaq-darezhesine-auysty/