Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық дзюдошы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды (видео)

Жарияланған күні:

Санжар Ерланұлы
Санжар Ерланұлы. Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясы Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Дзюдо федерациясының мәліметінше, 90 келіге дейін салмақ дәрежесінде белдескен ол финалда украиналық қарсыласы Лебид Дмитроны уақытынан бұрын иппон ұпайымен жеңді.

Әлем рейтингінде 5-ші орында тұрған отандасымыз әлем біріншілігін екінші айналымнан бастады. Жалпы жарыс барысында 4 кездесу өткізіп, төртеуінде де қарсылас шақ келтірген жоқ.

Алғашқы қарсыласы Мунгун Учрал Ууганбаярды (Моңғолия), ширек финалда Гиорги Гелашвилиді (Грузия) жеңді. Ал жартылай финалда украиналық Аркадии Смаиловтан басым түскен болатын.

Айта кетерлігі, жасөспірімдер арасында сынға түскен Санжар Ерұланұлының бұл әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі. Бұған дейін ол 2024 жылы дзюдодан 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанған.

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Перудің Лима қаласында өтіп жатыр. Әлем біріншілігіне 48 елден 403 жас татами шебері қатысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2155635-qazaqstandyq-dziudoshy-zhasospirimder-arasynda-alem-chempiony-atandy/