Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық дзюдошы әлемдік Гран-при турнирінде қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

Жарияланған күні:

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов
Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінің екінші айналымына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

60 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан Шерзод Давлатов алғашқы айналымда Израиль спортшысы Ариель Шульманмен кездесті. Бұл белдесуде қазақстандық дзюдошы мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, келесі айналымға шықты.

Айта кетейік, гран-при турнирі 15 қыркүйекке дейін болады. Бұл жарыста Қазақстан намысын төрт дзюдошы қорғайды. Ерлер арасында Шерзод Давлатов (60 кг), Жанарыс Рахметқали (66 кг), ал әйелдер арасында Ғалия Тынбаева (48 кг), Ақерке Рамазанова (+78 кг) сынға түседі.

Осыған дейін дзюдодан әлемдік Гран-при турниріне қатысатын қазақстандық спортшылардың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2161110-qazaqstandyq-dziudoshy-alemdik-gran-pri-turnirinde-qarsylasyn-merziminen-buryn-zhengdi/