jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі: қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары анықталды

    Ғалия Тынбаева
    Ғалия Тынбаева. Фото: olympic.kz

    Хорватияның Загреб қаласындағы дзюдодан әлемдік Гран-при турниріне қатысатын қазақстандық спортшылардың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әлемдік Гран-при турнирі 13-15 қыркүйек аралығында болады. Қазақстан намысын төрт дзюдошы қорғайды.

    Қазақстандың дзюдошылардың алғашқы қарсыластары:

    Ерлер:

    • 60 кг: Шерзод Давлатов – Ариель Шульман (Израиль);
    • 66 кг: Жанарыс Рахметқали бірінші айналымда бос.

    Әйелдер: 

    • 48 кг: Ғалия Тынбаева - Джулия Гильоне (Италия);
    • +78 кг: Ақерке Рамазанова - Марчелина Враньеш (Хорватия).

    Еске салайық, Перудің Лима қаласында өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Санжар Ерұланұлы алтын медаль жеңіп алған еді. 90 кг салмақ дәрежесінде белдескен ол финалда украиналық қарсыласы Лебид Дмитроны уақытынан бұрын иппон ұпайымен жеңді. Бұл – Санжар Ерұланұлының әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі. Осыған дейін ол 2024 жылы дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанған.

    Дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі: қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.