Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ризабек Айтмұхан бастаған Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысады

Жарияланған күні:

Ризабек Айтмұхан
Ризабек Айтмұхан. Фото: uww.org

21-27 қазанда Албанияның Тирана қаласында 23 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионатына өтеді. Бұл додаға қатысатын қазақстандық балуандар анықталды, деп KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Албаниядағы әлем чемпионатына еркін, грек-рим және әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгі Қазақстан командасы толық құрамда қатысады. Олардың ішінде еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан да бар. Ол жақында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде алтын медаль жеңіп алған еді.

Еркін күрестен Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы Руслан Өмірәлиевтің айтуынша, Ризабек Албаниядағы әлем чемпионатына ешқандай іріктеусіз өткен. Әзірге 74 кг салмақ дәрежесінде Албанияға кім баратыны шешілмеген, ол жаттығу жиынында анықталады.

Еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы: 

  • 57 кг: Алан Оралбек;
  • 61 кг: Әділет  Әлмұхамедов;
  • 65 кг: Бекзат Ермекбай;
  • 70 кг: Ернұр Нұрғазы;
  • 74 кг: Әлі анықталу үстінде;
  • 79 кг: Жеңіс Қаныбеков;
  • 86 кг: Нұржан Исағалиев;
  • 92 кг: Бекзат Аманғалиев;
  • 97 кг: Ризабек Айтмұхан;
  • 125 кг: Омархан Надиров.

Әйелдер күресінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы: 

  • 50 кг: Л. Ғаниқызы;
  • 53 кг: З. Баянова;
  • 55 кг А. Әшімова;
  • 57 кг: Ш. Өмірбек;
  • 59 кг: Г. Бекеш;
  • 62 кг: Т. Дубек;
  • 65 кг: Г. Өсербай;
  • 68 кг: Б. Сейдуәлі;
  • 72 кг: А. Панасович;
  • 76 кг: А. Ертөстік.

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы Жаңабек Оспанов Тирана кілемінде төрт медаль алудан үмітті екенін айтты.

"Төрт салмақта медальдан үміттіміз. 55, 67, 77 және 97 келідегі балуандар алысқа шабады деген сенім бар. Мәселен, 67 келіде ересектер арасында көзге түсіп жүрген Дін-Мұхаммед Қошқар белдеседі. 97 келіде Азия чемпионатының және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінің финалисті Юсуф Мациев күреседі. Екі балуан да әлемдік жарыстардың дуын көрген. Албанияға мықты, дайындығы өте жоғары құрам барады. Сондықтан, нәтиже де жақсы болады деп ойлаймын. Оған дейін екі жаттығу жиынын өткіземіз", - деді аға бапкер. 

Албаниядағы әлем чемпионаты қазақстандық балуандар үшін жылдың соңғы жарысы емес. Бұл турнир аяқталған соң, 28-31 қазан аралығында олимпиадалық емес салмақтардағы әлем біріншілігі өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2162427-rizabek-aitmuhan-bastagan-qazaqstan-quramasy-alem-chempionatyna-qatysady/