Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт медальдан үмітіміз бар": грек-рим күресінен аға бапкер алдағы әлем чемпионаты туралы айтты

Жарияланған күні:

Юсуф Мациев
Юсуф Мациев. Фото: olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасы Албанияда өтетін 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатына қатысады. Қазақстандық балуандардың әлем чемпионатындағы мүмкіндігі туралы құраманың аға жаттықтырушысы Жаңабек Оспанов пікір білдірді, деп KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының аға жаттықтықтырушысы Жаңабек Оспанов Албанияның Тирана қаласында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатында балуандарымыздың төрт медаль алуға күші жететінін айтты.

"Төрт салмақта медальдан үміттіміз. 55, 67, 77 және 97 кг салмақтағы балуандар алысқа шабады деген сенім бар. Мәселен, 67 кг салмақта ересектер арасында көзге түсіп жүрген Дін-Мұхаммед Қошқар белдеседі.

97 кг салмақта Азия чемпионатының және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінің финалисі Юсуф Мациев күреседі. Екі балуан да әлемдік жарыстардың дуын көрген.

Албанияға мықты, дайындығы өте жоғары құрам барады. Сондықтан, нәтиже де жақсы болады деп ойлаймын. Оған дейін екі жаттығу жиынын өткіземіз", - деді Жаңабек Оспанов.

Айта кетейік, грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты Албанияның Тирана қаласында 21-27 қазан аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2163324-tort-medaldan-umitimiz-bar-grek-rim-kuresinen-aga-bapker-aldagy-alem-chempionaty-turaly-aitty/