Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ тарихын жаңартамыз": Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиадаға қатысуға ниетті екенін айтты

Жарияланған күні:

Елдос Сметов пен жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев
Елдос Сметов пен жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев: Olympic.kz

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарында қазақ спортының тарихын жаңғыртуға тырысатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Ғалымжан Жылгелдиев – менің қазіргі жеке бапкерім. Ол туралы бір том кітап жазуға болады. Өйткені оның істеген нәрселері, оның бізге берген мотивациясы, біздің басымыздан сипағаны, бізді әрқашан да қолдап, маңдайымыздан сүйіп жүргені – біз үшін баға жетпес қолдау деп ойлаймын. Сен үшін сеніп отырған, сенің көңіліңді көтеріп, сенің көңіліңе қарап отыратын, сені жетістікке жетелейтін адамдардың бірі.

Көп қызықты сәттер болды. Көп құлаған сәттер болды. Ұрсып беретін сәттер болды. Әлі де қазақтың тарихын жаңартамыз деп ойлаймын. Лос-Анджелестегі Олимпиадада екі дүркін чемпион атансақ деген ниет бар. Менің спортқа деген құлшынысым қайта жанды және менің өсуге деген құлшынысым артты", - деді Елдос Сметов YouTube желісіндегі NUR.KZ арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Елдос Сметов өз мансабында 2016 жылғы Рио Олимпиадасында күміс, 2021 жылғы Токио Олимпиадасында қола, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2168764-qazaq-tarihyn-zhangartamyz-eldos-smetov-2028-zhylgy-olimpiadaga-qatysuga-nietti-ekenin-aitty/