Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде өтетін халықаралық турнирде бақ сынайды

Жарияланған күні:

Әбиба Әбужақынова
Әбиба Әбужақынова. Фото: instagram.com/qaz_team_official

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы 11-13 қазан аралығында өтетін Abu Dhabi Grand Slam жарысына қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан дзюдо федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы Абу-Дабиде өтетін әлемдік Grand Slam кезеңіне қатысады. 11-13 қазанға жоспарланған әлемдік додаға 33 елден 236 спортшы қатысады.

Аталмыш турнирде ел намысын 13 татами шебері қорғайды.

Бұл бәсекеге Париж Олимпиадасында бақ сынап, жұбаныш финалына дейін жеткен қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова да қатысады.

Abu Dhabi Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі келесідей:

Әйелдер:

  • Әбиба Әбужақынова (48 кг);
  • Эсмигүл Куюлова (63 кг);
  • Назгүл Маратова (+78 кг);
  • Карина Такиева (+78 кг).

Ерлер:

  • Мағжан Шамшадин (60 кг);
  • Дәурен Сүйеукенов (60 кг);
  • Әділбек Берікұлы (66 кг);
  • Дархан Қойбағар (73 кг);
  • Ермек Амангелді (73 кг);
  • Жалғас Қайролла (81 кг);
  • Руслан Мұсаев (81 кг);
  • Әділет Сапарғалиев (100 кг);
  • Мәди Еділбаев (+100 кг).

Айта кетейік, бұған дейін дзюдодан Қазақстан құрамасының спортшылар қыркүйекте Загребте өткен Гран-приге қатысып, 2 алтын, 1 күміс медаль иеленген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2171313-abiba-abuzhaqynova-abu-dabide-otetin-halyqaralyq-turnirde-baq-synaidy/