Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грек-рим күресінен әлем чемпионатына қатысатын қазақ балуандары анықталды

Жарияланған күні:

Қазақстандық балуан
Қазақстандық балуан. Фото: olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бапкерлік штабы Албанияның Тиран қаласында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

21-27 қазан күндері Албанияда өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының намысын 10 спортшы қорғайды.

  • Ербол Қамалиев (55 келіге дейінгі салмақта);
  • Досжан Өтепқалиев (60 келіге дейінгі салмақта);
  • Нұрсұлтан Базарбаев (63 келіге дейінгі салмақта);
  • Дінмұхаммед Қошқар (67 келіге дейінгі салмақта);
  • Мерей Мәулітханов (72 келіге дейінгі салмақта);
  • Темірлан Қаратай (77 келіге дейінгі салмақта);
  • Альмир Төлебаев (82 келіге дейінгі салмақта);
  • Бағлан Қуаныш (87 келіге дейінгі салмақта);
  • Ерзат Ерланов (97 келіге дейінгі салмақта);
  • Асылбек Әбдіхалық (130 келіге дейінгі салмақта).

Еске салайық, дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан командасының өкілі Азат Күмісбай Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль еншілеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2172094-grek-rim-kuresinen-alem-chempionatyna-qatysatyn-qazaq-baluandary-anyqtaldy/